Мәзір
Әндер Видео
Үздік әндер
Сайт қолданушылары
ccbecfreunflexa
greenmoonru
prezident
10fru
svadebnimirru
zonawm
danbdan
Kulsary
admin-saita
ABL
Мында басыңыздар!
Тегтер
http://files.gameworld.kz/reae2vxe6 Ак Кусым Нурлан Алимжан Сункар тобы Тунги кала dan_balan Freedom Almost Famous Eminem Мы отменяем К.С Потап и Настя Каменских Dj. Next Жара в клубе Баста и Бумбокс Эта любовь не дожила до утра Не люби мне мозги Потап и Настя Smitty Катігез махаббат Суйем ШоХан G-Force. Сенін бейнен... (feat. ШYN Жақау Қабір азабы Мәссаған бағдарламасында Құлсары КВН Командасы 3 кезен Астана КВН Кулсары
Сайт достары
Всё для Веб мастера
-------------------------------------------
Всё для Веб мастера
Главная » 2011 » Сентябрь » 1 » Біз өз көңілімізден шықпаған шикі әнді халыққа ұсынбаймыз

Біз өз көңілімізден шықпаған шикі әнді халыққа ұсынбаймыз
Автор публикации: melomen404 · Просмотров: 2287
Спасибо +
Қазақтың нәзік сазды әсем әнін үзілте шырқағанда көңіл толқытпай тыңдай алмайсың. Иісі қазақ әуені көкірегіңді кернейді, көңілдің кірбіңін әсем әуенмен әлдилейді. Міне, бұл - нағыз ұлттық ән. Қазақ жанының және бірі аяулы пернесін тербетіп, қоңыр діріл, қоңыр үн, қоңыр даусын өзінше жаңғыртатын топтардың бірі «Қоңыр» тобы. Дәстүрлі музыкамызды жаңғыртып, қазақ әндерін ұлттық нақышта, ұлттық сазды ырғақты бұзбай жаңашылдық әуенмен орындап жүрген, қазақ эстрадасына бөлек формат беретін өзінше дара топ. Үшеуінің де үні жанға жағымды, майдан қыл суырғандай боп құлаққа жаға кетеді. Себебі, тыңдаушының көңіл- күйін дөп басады. Қазақы колоритті жоғалтпай, этноаспаптарды байланыстыруымен ерекшеленеді.

- Бұл топты құруға не түрткі болды? Неге «Қоңыр» деп атадыңыздар?

- Продюссеріміз Сержан Молдасханұлының ықпалымен 2007-жылы құрылдық. Көбі «қоңыр» дегенді түс деп ұғады. Негізі қазақтың даусы да, даласы да, аспаптарының үні де қоңыр: домбыра да, қобыз да, сазсырнай да. Қазір сахнаға алып шығып жүрген аспаптардың барлығы қоңыр үнді. «Қоңыр» қазақи болмысты, биязылықты білдіреді. Сондықтан даусымыз да, аспаптарымыздың үні де қоңыр болғандықтан осы атауды жөн көрдік.

-Тек халық әндерін ғана орындайсыздар ма?

- Жоқ. Халық композиторларының, қазіргі заманғы композиторларының да әндерін орындаймыз. Қатып қалған қағида жоқ. Шәмші ағамыздың да әндері бар.

-Халық әндерінің адам психологиясына әсері туралы не айтар едіңіздер?

- Халық әндерінің бастысы ұзақ ғұмырында. Қараңыз, халық әндерін тыңдаудан еш уақытта жалыққан емес тындарман қауым. Мәселен, халық әнін кез келген әнші орындаса да халық жылы қабылайды. Міне, басты ерекшелігі осында.

-Сіздерді « Ұлытау» тобының көшірмесіне ұқсатады. Тек аспаптарыңыз басқа екен.

- Жоқ, «Ұлытау» тобының стилі рок болса, ал біз композиция орындаумен қатар, ән айтамыз. Мүлде ұқсастық жоқ қой, аспаптарымыз да келіспейді

- Ән салып, домбыра тартудан басқа қандай өнерлеріңіз бар?

Жазира: Билеймін, гитарада, қобызда, фортепьянода, ямахада ойнаймын.

Мархабат: Тарихи кітаптарды оқимын. М. Мағауиннің шығармаларын ұнатамын. Әсіресе «Шахан шерісін» сүйіп оқимын.

Бауыржан: Шаңқобызда ойнаймын.

-Жастар домбыраны заманға қарай икемдеп, жаңаша түрлендіруге құмар. Осыған қалай қарайсыздар?

- Көпшілік "Дэкко” деген жанр” деп жатады. Меніңше, бұл жанр емес, синтез, яғни ескі мен бүгінгінің қосындысы. Қазіргі жастар қауымы күйді онша тыңдай бермейді. Егер де өңдеп, заманға сай "Ұлытау” секілді шығарманы бұзбай, халыққа жеткізетін өнерпаздар болса, жаңашылдыққа қарсы емеспіз.

-Қоржындарыңызда неше ән бар?

- Жиырма екі әніміз бар.

-Соның ішінде көңілдеріңізден шығатын және шықпайтын әндерді атап бере аласыздар ма?

- Барлық орындап жүрген әндеріміз көңілімізден шығады. Біз өз көңілімізден шықпаған шикі әнді халыққа ұсынбаймыз. Барынша пісіріп, артық-кемін саралап, тазалап, әбден дайын болғанда жұрттың назарына ұсынамыз. Әрине, бұл - «бәрі керемет, бәрі жақсы, …» деген сөз емес. Жеке көңілге күдік ұялататын бір-екі ән бар. Бірақ, бір қызығы, халық дәл сол әндерді ерекше ілтипатпен қабылдап жатады.

-Ән таңдаудағы басты кеңесшілеріңіз?

- Біздің ән таңдаудағы бас кеңесшілеріміз - Ғалым аға Доскен және Тұрсынжан аға Шапай. Қазақ әнін терең зерттеп жүрген ағаларымыз Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай. Осы кісілер біздің ән таңдаудағы басы кеңесшілеріміз десек болады. Ол ағалардың талғамы мен талабы өте жоғары. Қоржынымыздағы әндердің басым бөлігін бізге сол кісілер ұсынған.

-Жұрт Жазираның әдемілігі мен бойын жиі сөз етеді. Сіздер Жазираның бойын жасыруға тырысатын сияқтысыздар. Сахнаға әркез жайтабан туфлимен шығады…

- Жазира: Иа, ол рас. Өзім бойым ұзын болғандықтан, биік өкшелі аяқ киімдер киіп жүре алмаймын. Жігіттердің бойы аласа болғандықтан, о бастан биік кимеймін. Мархабат: алғашқы кездері ондай мәселе болғаны рас. Жазира биік өкше аяқкиім кимеді. Қазір, керісінше, осы қалпымыз ұнайды. Жазираға да биік өкше киюге қарсы болмаймыз. Ол өзі бойшаң болғандықтан, күнделікті өмірде жайтабан аяқ киім киеді. Бірақ сахнаға өкшелі аяқ киіммен шыққанын қазір біз де құптаймыз. Осы «контрасты» имиджіміз есте қалады екен.

-Мархабат аға сіз үш аспаппен шығасыз. Қиын емес пе?

- Аса қиын емес. Өйткені домбыра, шертер, сазсырнай, шаңқобыз бәрі бір мезетте емес, әр аспап кезек-кезек ойналады ғой, сондықтан қиындық туғызбайды.
Всего комментариев: 1
1 какаманова  
0
рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Іздеу
Профиль
Чат
Наш опрос
Сізге сайт ұнадыма?
Всего ответов: 44
Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Пользователи
Гости сайта
Caйттағы адамдар
Друзья
Design by melomen404
ABL-MUSIC.UCOZ.COM © 2011 | Сделать бесплатный сайт с uCoz 
uweb Web100kz.com - каталог сайтов Проверка сайта