Қазақтың нәзік сазды әсем әнін үзілте шырқағанда көңіл толқытпай тыңдай
алмайсың. Иісі қазақ әуені көкірегіңді кернейді, көңілдің кірбіңін әсем
әуенмен әлдилейді. Міне, бұл - нағыз ұлттық ән. Қазақ жанының және бірі
аяулы пернесін тербетіп, қоңыр діріл, қоңыр үн, қоңыр даусын өзінше
жаңғыртатын топтардың бірі «Қоңыр» тобы. Дәстүрлі музыкамызды жаңғыртып,
қазақ әндерін ұлттық нақышта, ұлттық сазды ырғақты бұзбай жаңашылдық
әуенмен орындап жүрген, қазақ эстрадасына бөлек формат беретін өзінше
дара топ. Үшеуінің де үні жанға жағымды, майдан қыл суырғандай боп
құлаққа жаға кетеді. Себебі, тыңдаушының көңіл- күйін дөп басады. Қазақы
колоритті жоғалтпай, этноаспаптарды байланыстыруымен ерекшеленеді.
- Бұл топты құруға не түрткі болды? Неге «Қоңыр» деп атадыңыздар?
- Продюссеріміз Сержан Молдасханұлының ықпалымен 2007-жылы құрылдық.
Көбі «қоңыр» дегенді түс деп ұғады. Негізі қазақтың даусы да, даласы да,
аспаптарының үні де қоңыр: домбыра да, қобыз да, сазсырнай
...
Читать дальше »